Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000,
Есіл ауданы, көш. Достық, № 5, № 125

info@qaz.ai

3. Қазақстандағы MedTech AI құқықтық реттеуі

Кейстің қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі АI технологияларын енгізу кезінде бизнесте кездесетін практикалық проблемалық мәселелерді зерттеу үшін қауымдастықпен байланысқа шықты.

Қазіргі кезең:

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік -құқықтық актілерге өзгерістер енгізудің бірінші кезеңі амбулаторлық және стационарлық деңгейде АI технологияларын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, осы жылдың наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының стандарттарын әзірлегенге дейін Ресей Федерациясының «Клиникалық медицинадағы жасанды интеллект жүйелері» стандарттар кешенін тікелей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету жоспарлануда. Барлық туындаған мәселелер жұмыс тобымен бірлесіп зерттелуде, оның құрамына Министрлік, ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК, ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мамандары кіреді.

МӘРТЕБЕСІ: ПРОЦЕСТЕ