ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балаларды ерте дамыту институты «Тілге бойлау» жобасы аясында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.
50-ден астам тәрбиешілер, әдіскерлер, балабақша меңгерушілері «Педагог үшін жасанды интеллект» өзекті тақырыбымен танысты. Дәрісті Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының сарапшысы Төлеубаева Анар Абетаева өткізді.
Тыңдаушыларды педагогикада жасанды интеллект технологияларын қолданудың өзекті тақырыбы қызықтырды.