Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000,
Есіл ауданы, көш. Достық, № 5, № 125

info@qaz.ai

Qaz.AI «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-мен ынтымақтастықта

"Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту Қауымдастығы" ЗТБ және "С. Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойды. Қол қоюдың мақсаты – медицинада жасанды интеллектті еркін енгізу, дамыту және қолдану үшін кедергілерді жоюға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қолайлы негіз құру. Тараптар клиникалық медицинада жасанды интеллектті  қолдана отырып, электрондық денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу, ақпараттық-консультациялық ынтымақтастық, жобаларға сараптамалық қолдау көрсету және жасанды интеллект саласындағы тәжірибе алмасу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.