Меморандум шеңберінде тараптар Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында зерттеулерді, инновацияларды дамыту және жасанды интеллектті қолдану үшін қолайлы орта құруда қолдау бойынша өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға ниетті. Ынтымақтастық ақпарат алмасу, тараптардың бірі ұйымдастырған іс-шаралар мен семинарларға қатысу, консультациялар өткізу, сарапшылар тарту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша басқа да іс-шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады.