Қатысушылар қатарында Ұлыбритания елшілігінің, Қазақстанның ЖИ дамыту қауымдастығының, KPMG, ҚБТУ, EY және BSC Education компаниясының өкілдері болды.
Шара бизнес-көшбасшыларға ЖИ-ді қолданудың практикалық тәсілдерін көрсетуге бағытталды. Талқылау барысында технологияларды енгізу кезеңдері, қиындықтар, және бизнеске әсері сөз болды. KPMG сарапшысы Жафар Пенот ЖИ-дің пісіп-жетілуін үш аспектте – технология, адамдар және нарық бойынша түсіндірді. Қазақстанның ЖИ дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлебаева Қазақстанда ЖИ-ді дамыту стратегиясын және оның бизнестегі рөлін баяндады.
ҚБТУ ЖИ-ді білім беру мен инновацияларға интеграциялау бойынша жетістіктерімен бөлісті. Студенттердің қазақ тілінде басқарылатын киберитін таныстыруы қатысушыларды ерекше таңғалдырды.
Бұл шара ЖИ-ді тиімді енгізуге бизнес, қоғам және білім беру саласының дайындығының маңыздылығын көрсетті.