Мемо Kz

Жаңа буын білімі: NACG және Qaz.AI болашақ экожүйесін қалыптастыруда

Бүгін Астанада Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы мен Ұлттық корпоративтік басқару академиясы (NACG) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа NACG басқарма төрағасы – ректоры Бақытжан Әбдірайым және қауымдастық төрағасы Б.Н. Ешмұхамбетов қол қойды.

Серіктестіктің мақсаты – жаңа буын бизнес-білімін дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және басқарудың цифрлық трансформациясын жеделдету.

Ынтымақтастық аясында тараптар келесідей бағыттар бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр:
• ЖИ мен цифрлық технологияларға басымдық беретін EMBA, MBA және DBA бағдарламаларын іске қосу;
• Жасанды интеллект пен корпоративтік басқару бойынша арнайы курстар әзірлеу;
• ЖИ саласындағы зерттеу жобалары мен сараптамалық бастамаларды дамыту;
• ESG қағидаттарын және технологияларды жауапты қолдану мәдениетін ілгерілету.

Бұл ғылымды, бизнесті және болашақ технологияларды біріктіретін интеллектуалды білім беру экожүйесін құру жолындағы маңызды қадам.