Мемо Kz

Qaz AI қауымдастығы мен Huawei Kazakhstan өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2025-08-28 10:35
2024 жылғы 5 қыркүйекте, цифрлық технологиялар мен цифрлық трансформацияға баршаға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясы аясында Qaz AI және Huawei Kazakhstan меморандумға қол қойды!

Осы келісім аясында Тараптар Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту бағытында ынтымақтасатын болады. Серіктестіктің мақсаттарына мыналар кіреді:
  1. ЖИ мен деректер саласындағы перспективалы зерттеулерді қолдау және дамыту.
  2. Жасанды интеллект технологияларын ілгерілетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру.
  3. Болашақта инфокоммуникациялық технологияларды дамыту үшін стратегиялық ынтымақтастық орнату мүмкіндігі.

Qaz AI қауымдастығы мен Huawei Kazakhstan бастамаларды тиімді жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс тобын құрады.